Шілдеде қанша күн демалыс беріледі?

Шілдеде қанша күн демалыс беріледі?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шілдеде Астана күніне орай демалыс беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жыл сайын 6 шілдеде Қазақстанда Астана күні атап өтіледі. Мереке ел астанасы Алматыдан Астанаға көшірілуіне орай бекітілген және ресми мемлекеттік мерекелер қатарына жатады.

2026 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды ұзақ демалыс күтіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 4 шілде (сенбі) - демалыс;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - мереке.

Осылайша, қатарынан үш күн демалыс болады.

Алты күндік жұмыс аптасы бойынша:

  • 4 шілде (сенбі) - жұмыс күні;
  • 5 шілде (жексенбі) - демалыс;
  • 6 шілде (дүйсенбі) - мереке.

Айта кетейік, биыл шілдеде бес күн жұмыс істейтін азаматтар 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді. Алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары үшін 5 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget