Шілде бөріжидек пен құлпынай егінінен басталып, көкжидек, қаражидек және таңқураймен жалғасады, ал соңына қарай шие мен қарақат сияқты басқа жидектер піседі. Олардың әрқайсысы өзінше пайдалы. Бұл туралы гастроэнтеролог Екатерина Кашух айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газете.Ru" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, біріншіден, олар иммунитетке оң әсер беретін С дәруменінің арқасында пайдалы.
"Бөріжидектің құрамында қабынуға қарсы әсері бар және көзге пайдалы антоцианиндердің көп мөлшері, сондай-ақ денсаулыққа қажетті минералдардың тұтас спектрі бар: калий, магний, натрий, темір, фосфор", - деп түсіндірді сарапшы.
Құлпынай мен таңқурайдың құрамында В дәрумендері бар, олар жүректің жұмысын қолдайды және жүйке жүйесін нығайтады. Таңқурайдың құрамында полифенолдар мен фитонцидтер бар — антиоксиданттар, олар жасушаларды зақымданудан қорғайды және қабынуды азайтуға көмектеседі. Осы қасиеттің арқасында таңқурай суыққа қарсы негізгі құрал ретінде танымал.
"Қарақат теріге және көру қабілетіне пайдалы А және Е дәрумендеріне бай. Сондай-ақ оның құрамында кальций мен D дәруменін сіңіруге көмектесетін және бүйрек пен жүрек - қантамыр жүйесінің жұмысына пайдалы әсер ететін К дәруменінің тәуліктік мөлшерінің 30 пайызы бар", - деді сарапшы.
Көкжидек көзге пайдалы жидек ретінде белгілі. Онда Р дәрумені бар, ол тамырларды серпімді етеді және оларды бұзылудан қорғайды.
"Көптеген жидекте лютеин мен зеаксантин бар, олар көздің қорғаныс қызметін жақсартады және фото зақымданудан қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ, пектин — бұл зиянды заттардың ішек қабырғалары арқылы қанға сіңуін тежейтін табиғи сорбент", - деп бөлісті дәрігер.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!