- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шілдеде ауа райы...
Шілдеде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК шілде айындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Massaget.kz.
«Алдын ала болжам бойынша, республиканың көптеген бөлігінде шілде айында орташа температура климаттық мәнге жуық, тек батыс аймақтарда 1 градусқа нормадан жоғары болады. Жауын-шашынның айлық мөлшері Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының таулы аймақтарында нормадан көп, республиканың қалған аймақтарында нормаға жуық және аз болады деп болжануда. Айдың басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, желдің күші 9-14, кей жерлерде 15-20 м/с болып, қалған аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда антициклон әсерінен күн ашық», - деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ауа температурасы:
Батыста түнде 15-20 градус жылы, күндіз 30-35 градус ыстық.
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында түнде 13-18, күндіз 28-33 градус ыстық.
Оңтүстікте, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыста түнде 20-28, күндіз 35-40 градус ыстық болады деп болжануда.
Мерекелік демалыс (6-9 шілде) күндері, Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысатын антициклон әсерінен ауа температурасы жоғарылайды. Республиканың солтүстік жартысында күндіз 33-38 градус, ал оңтүстік бөлігінің кей жерлерінде күндіз 42 градусқа дейін ыстық болады.
Содан кейін, кезекті циклон әсерінен ауа райы қайтадан бұзылады. Айдың ортасында Орталық Азия аудандарынан жылы ауа массаларының шығуы ауа температурасының жоғарылауына себеп болады. Екінші және үшінші онкүндіктің соңында ыстық күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысады.
Ж. Жұмағұлов