Осы жылдың шілде айында Алматыда жоғалып кеткен жігіт өлі табылды. Бұл жайлы LIDER.KZ еріктілері өздерінің Instagram-парақшасында жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1994 жылы дүниеге келген Азамат Маратұлы Балтабай 2024 жылдың 10 шілдесінде жоғалып кеткен.
Белгілері: бойы – 170-175 сантиметр, дене бітімі арық келген, шашы қара, білектерінде татуировкалар бар.
Еріктілердің ақпараты бойынша ер адамның денесі 22 қыркүйек күні табылған. Қайғылы жайт жайлы басқа мәліметтер келтірілмеген.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!