Шілде қатты жаңбырмен басталады

Қазгидромет 30 маусым мен 1, 2 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері циклон мен атмосфералық фронттар өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кейбір жерлерде бұршақ та жауады, жел күшейеді. Республика бойынша қатты жаңбыр болжанып отыр.

Батыс, солтүстік-батыс өңірлерде күндізгі ауа температурасы +18...+28 градусқа дейін төмендейді, солтүстікте +22...+30 градус болады. Оңтүстікте аптап ыстық аздап бәсеңдеп, ауа температурасы +23...+35 градус аралығында болады.

Ал Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында аптап ыстық сақталады. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!