Үкіметтің 2023 жылғы 25 сәуірдегі "Демалыс күнін ауыстыру туралы" қаулысы жарияланды. Құжатқа сәйкес қазақстандықтар 6-9 шілде аралығында 4 күн демалады.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдеге яғни жұмаға ауыстырды.
Астана күні қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады. Бұл ретте 1 шілде жұмыс күні болады.
Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері 6, 7 және 9 шілдеге келеді.
Жалпы, шілде айында аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 11 күн, 6 күн жұмыс істейтіндер 7 күн демалады.