ШҚО тұрғынынан ірі көлемде марихуана тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында полицейлер есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікке ілінген адам ұсталып, заңсыз айналымнан ірі көлемдегі марихуана тәркіленді.

Күдікті тыйым салынған затты беру кезінде қылмыс үстінде ұсталған. Ол Өскемен қаласының 49 жастағы тұрғыны болып шықты.

"Тұрғылықты жерін тінту барысында ірі көлемдегі есірткі табылды. Олар полимер пакеттерге салынып, әрі қарай таратуға дайындалғаны анықталды. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат марихуана болып шықты. Оның жалпы салмағы 2,8 келіден асты. Сонымен қатар, бір миллион теңгеден аса қолма-қол ақша тәркіленді. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!