- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО тұрғынынан 50...
ШҚО тұрғынынан 50 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды
Шығыс Қазақстан облысының тұрғынынан екі жылдан аса уақыт ақша бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, мамырда ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының 54 жастағы тұрғынынан 2020 жылдың мамырынан бастап 2022 жылдың сәуіріне дейін ақшалай қаражат бопсалаушының құрбаны болып жүргені туралы жедел ақпарат келіп түсті. Келіп түскен хабарды тексеру барысында ақпарат расталып, облыс орталығының 49 жастағы тұрғыны бопсалаушылық бойынша күдікті ретінде ұсталды.
Тергеу барысында күдікті өзінің физикалық артықшылығын пайдаланып, жәбірленушіден әр түрлі көлемдегі ақшаны жүйелі түрде талап етіп отырғаны анықталды. Алғаш рет ол одан 150 000 теңге алған, кейін талап еткен соманы көбейте бастайды. Жәбірленуші бас тартқан жағдайда оған күш көрсетемін деп қорқытқан.
"Жәбірленуші өз өміріне қауіп төндіруден қорыққандықтан, талап етілген соманы беріп, бірнеше рет құтылған. Сонымен қатар, ол өз атына несие алуға, тіпті анасының пәтерін сатудан түскен қаражаттың бір бөлігін беруге мәжбүр болған.
Күдікті өз құрбанынан 2 миллион теңге алуды ұйғарған кезде құқық қорғау органдары оны ұстады. Жалпы алғанда, 2 жыл ішінде оның қылмыстық әрекеттерінен келтірілген залал 50 миллион теңге", - делінген хабарламада.
Күдікті ұсталды, оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 4-бөлігі аса ірі мөлшерде жасалған қорқытып алушылық бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Г. Досымшалова