- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО тұрғыны ...
ШҚО тұрғыны аялдамада баласын жоғалтып алды
ШҚО тұрғыны баласын аялдамада жоғалтып алды. Оның айтуынша, жолаушылардан автобустың қай бағыт бойынша баратынын сұрау үшін ішіне кірген ұлының жоқ екенін байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astana.tv арнасына сілтеме жасап.
10 қаңтар күні түстен кейін облыс тұрғыны "102" жедел арнасына хабарласып, ұлын жоғалтып алғанын айтқан. Әйел өзінің 7 жасар баласымен бірге Қ. Қайсенов кентінен облыс орталығына келген. Автобус мешіт аялдамасына жеткенде, олар қалалық қоғамдық көлікке ауысу үшін түсіп қалады. Олар өздеріне қажетті автобусты күтіп тұрған кезде, бала көз алдында ойнап жүрген. Біраз уақыттан кейін бағыттағы автобустардың бірі аялдамаға келіп тоқтағанда, әйел адам жолаушылардан қай бағыт бойынша баратынын сұрау үшін ішіне кіреді, оларға қажет аялдамаға бармайтынын білген соң қайта шыққанда қасында ұлының жоқ екенін байқайды. Уақытты жоғалтпастан, кәмелетке толмаған баланың анасы полицияға бірден хабарласып, болған жағдайды баяндап және сол уақытта аялдамаға № 60 бағыттағы автобус келіп тоқтап тұрғанын, бәлкім оның баласы өзімен бірге кіріп шыға алмай қалды ма деген болжамын да айтады.
Хабарлама түскен бойда кезекші бөлімнің қызметкерлері жақын маңдағы экипаждарға бағдар береді. Аталған бағыт бойынша бірінші болып Қыран – 63 экипажы келеді. Аялдамаға тоқтаған автобустың салонына кірген тәртіп сақшылары анасын іздеп жүрген баланы бірден байқайды. Сол сәтте тәртіп сақшылары баланың анасына қоңырау шалып, оның ұлының аман-есен табылғанын хабарлайды.
Баланың анасы уақытында көмекке келіп, баласын тез арада тауып берген полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері үшін ризашылығын білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы