- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО тұрғыны аса...
ШҚО тұрғыны аса сирек кездесетін құсты суретке түсіріп алды
Фото:
inform.kz
Семей қаласының тұрғыны табиғатта аса сирек кездесетін құсты суретке түсіріп үлгерген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жергілікті фотограф Андрей Куряшкиннің құстар әлемін зерттеп, қанаттыларды суретке түсіріп жүргеніне талай жыл болды. Таяуда ол Бейбітшілік аралындағы Ертіс өзенінің алқабында қоректеніп отырған таңшымшықты байқап қалған.
«Бұл құс негізінен біздің өңірді мекен етпейді. Таңшымшық бұл аймаққа ұя салмайды, тіпті жаз кезінде де келмейді. Оны осы қала аумағынан көру - мүлде тосын жағдай», - деді А.Куряшкин.
Алғаш рет бұл құс Семейде 1924 жылдың желтоқсанында көзге түскен. Екінші рет объективке 1950 жылы іліккен. Одан кейін 70 жыл бойы көрінбеген.
Г. Берік