Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінің деңгейі төмендеп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Шемонаиха ауданындағы Первомайский ауылдық округіне қарасты елді мекендер маңында Ертістің "құрғап бара жатқаны" туралы видео пайда болды. Адамдар салдарынан суару қиынға соққанын айтып шағымданып жатыр.
Шемонаиха ауданындағы ауыл тұрғындары өзен кейінгі жылдары соншалықты таяз болмағанын айтады.
Су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы қазір жалпы облыс судың аз кезеңіне аяқ басты деп түсіндірді. Оның үстіне биылғы жазда жауын-шашын аз.
"Судың аз болуы 3-4 жылға да, 7 жылға да созылуы мүмкін", - дейді Ертіс бассейндік инспекциясы су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ернар Мәдиев.
Ауылдық әкімдік әкімшілігі техникалық суды жеткізу ұйымдастырылғанын қосты.
"26 шілдеде таңертең Ертіс өзенінде Первомайский маңында су деңгейі күрт төмендеді. Бұл "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС-не су алуға байланысты болды. Өзендегі су деңгейінің күрт төмендеуі Первомайский тұрғындарының сусыз қалуына әкелді", - деді ауылдық әкімдік өкілдері.
Ал, ауыл тұрғындары ауызсу да жоқтығын, бірақ тек техникалық қамтамасыз ету ұйымдастырылғанын айтып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!