- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО тұрғындары 10...
ШҚО тұрғындары 10 миллиард теңгеден аса айыппұл төлеген
Өскеменде өткен үйлестіру кеңесі барысында өңір бойынша қылмыс саны қаншалық деңгейде екені айтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуроры Алмат Байшолақовтың айтуынша, аймақтағы қылмыс көрсеткіші 26 пайызға қысқарды. Нақты айтсақ, былтыр жарты жыл ішінде 3894 қылмыс тіркелсе, биыл алты ай бойынша 2580-ге дейін төмендеді.
"Бұдан бөлек, адам өлтіру 37 пайызға, ұрлық 18 пайызға, қарақшылық 54 пайызға, қоғамдық жерде қылмыс жасау 25 пайызға, сондай-ақ, бұзақылыққа бару 13 пайызға төмендеді. Кейінгі үш жылда шығыс қазақстандықтарға 13,8 миллиард теңгеге айыппұл салу бойынша 760 мың қаулы жазылды", - деді Алмат Байшолақов.
Осы уақыт аралығында бюджетке 10,7 миллиард теңге қаржы түскен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz