АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау басқармасы Қазақстанда туған екі адамды арнайы қара тізімге кіргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған АҚШ азаматтары және тұрғындарына кәсіппен айналысуға тыйым салынған ұйымдар мен адамдар енгізілген. Осы ретте Ресейдің Өндіріс және сауда министрлігінің орынбасары, Риддер қаласының тумасы Алексей Беспрозванныйдың аты-жөні көптің арасында жүр.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, 1979 жылы туған кәсіпкер Севастополь, Қырым және тағы бірнеше өңірде өндіріс саясатын жүргізіп, өндірістік инфрақұрылым сауалдарымен айналысады. Бағалы металлдарды қазып, оны өндіру, сондай-ақ сирек кездесетін металлдарды қазып, оның қолданылауына жетекшілік етеді.
Одан бөлек, қара тізімге тағы бір ресейлік, бірақ Целиноградта туған (қазіргі Астана) Артур Петров енді. Белгілі болғандай, ол Ресейге салынған санкцияны айналып өту желілерін ұйымдастырған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!