- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО шахтасында қаза...
ШҚО шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі
Фото:
ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен
ШҚО шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Бұл туралы ШҚО әкімі Ермек Көшербаев айтты.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Ертіс шахтасында қаза тапқан жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі "Шығыстүстімет" ЖШС қызметкерлері, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкерлері, тағы бір жұмысшы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың айтуынша, қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі, бұл үшін ШҚО-да жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.
ШҚО әкімдігі ұсынған материал
Д. Шәріпхан