Ерлан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысының активіне және Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов таныстырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!