ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары қайтыс болды

ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары қайтыс болды
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Медет Бердімұратов қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

"Ішкі істер министрлігі полиция полковнигі Медет Бердімұратовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Әріптесіміз ішкі істер органдарындағы қызметінде үлкен еңбек жолынан өтіп, қылмысқа қарсы күрес пен азаматтардың құқықтарын қорғауға зор үлес қосты", - делінген хабарламада.

Оның соңғы атқарған қызметі - Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан