- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-ның 22 жастағы...
ШҚО-ның 22 жастағы тұрғыны бір жыл бойы қайықпен көксерке балығын аулап жүрген
Абай облысында браконьерден 100 келіге жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Браконьерліктің кезекті фактісін Ақсуат ауданынданының тәртіп сақшылары анықтады.
Учаскелік полиция инспекторлары мен "Ақсуат ауданының табиғи ресурстары мен табиғат пайдалануды реттеу" ММ жедел жасағы бірлескен рейдтер жүргізу кезінде Шығыс Қазақстан облысының 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол жыл бойы балық аулауға тыйым салынатын Зайсан көлінің жағасында моторлы қайықпен көксерке балығын аулаған.
Полицейлер одан 90,2 келі балық тәркіледі. Жалпы шығын жарты миллион теңгеден астам сомаға бағаланады.
ҚР ҚК 335-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген балық мемлекеттік пунктке тапсырылды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы жазылым берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина