Шығыс Қазақстан облысының экс-әкімі Даниал Ахметов спорттық шаралардың бірінді көзге түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астанада жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған Astana Indoor Meet халықаралық турнирі басталды. Сайыстың ашылу салтанатына премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, экс-әкім Даниал Ахметов, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысқан.
Даниал Ахметов қазір жеңіл атлетика федерациясының президенті болып отыр.
Айта кетейік, былтыр 16 маусымда ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Ол 2014 жылғы қарашадан бастап ШҚО әкімі қызметіне тағайындалған еді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!