Шығыс Қазақстан облысындағы мектеп асханаларында мемлекет есебінен тамақтанатын балалар төмендетілген нормамен тамақтандырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Облыстық прокуруратураның мәліметінше, аз қамтылған отбасынан шыққан 9501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқығы қорғалған.
"Мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормалары (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды", - деп анықтады талдау барысында ШҚО прокуратурасы.
Анықталғандай, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын балалар – әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б. балалар.
"Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығында-күніне 40 грамм болуы тиіс, іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып отырған (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген).
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде, басшының орынбасары (осы бағытқа жетекшілік ететін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасы өңірдің 9 501 оқушысына тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізуде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!