Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары күн сайын 10-ға жуық рет мамықты шарпыған өртті сөндіруге барады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар күн сайын мамықты шарпыған өртпен күресуге мәжбүр.
"Жаз келісімен облыста мамықтың өртену оқиғалары жиілеп кетеді. Өрт сөндірушілер күніне 10 ретке дейін осындай өртті ауыздықтауға барады. Көбінесе, бұған тұрғындардың отпен абайсыз болуы және балалардың мамықты өртеп, жалынның таралуын қызығушылықпен бақылап отыруы себеп", - делінген ақпаратта.
Мамық жанғыш ұнтақ сияқты өте жылдам жанып, жан-жаққа от шашады. Сонымен қатар теректің мамығы гараждарға, ғимараттарға және үйлерге қауіп төндіреді.
Осы ретте, облыстық ТЖД қызметкерлері азаматтарды келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!