Нұрымбет Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрымбет Аманұлы Сақтағанов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Нұрымбет Сақтағанов туралы не белгілі?
Нұрымбет Сақтағанов бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 1970 жылы дүниеге келген. Бұрын әртүрлі лауазымды қызмет атқарған, соның ішінде ШҚО әкімінің орынбасары бар.
Нұрымбет Сақтағанов Қызылорда педагогикалық институты, Қызылорда аграрлы-техникалық колледжі, Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институттарын "мұғалім", "бухгалтер", "заңгер" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда қаласындағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады. 1995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша Кеден басқармасында, кейін ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитетінде жұмыс істеді.
Сондай-ақ, Нұрымбет Сақтағанов ҚР Парламентінде Үкіметтің бас инспекторы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бөлім бастығы, министр кеңесшісі болып жұмыс істеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болды. 2012 жылғы қазанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2015 жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. 2018 жылғы мамырдан бастап ШҚО Ұлан ауданының әкімі болды.
2021 жылы Семей әкімі болып тағайындалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова