- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО экология департаментінің...
ШҚО экология департаментінің басшысы қамауға алынды
Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің басшысы қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.
Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірге облыстың экология департаментінің басшысын әшкереледі.
"Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті", - делінген хабарламада.
Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан