ШҚО-ды қызды аяусыз соққыға жыққандарға үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айыпталушы - үш адам. Оның екеуі үш жылға бас бостандығынан айырылды, үшіншісі бір жылға бас бостандығынан айырылды.
"Сот істің мән-жайын және айыпталушылардың жеке басын, жәбірленушілердің пікірін ескере отырып, құқыққа қайшы іс-әрекеттердің сипаты, залалды өтеудің болмауына байланысты А және Т-ны Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша бір жылға, 194-баптың 2-бөлігі 1, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып үш жылға бас бостандығынан айырылды. О. есімді азамат бір жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот хабарламаында.
Сонымен қатар, айыпталушылар жәбірленушіге 9 000 000 теңге көлемінде моральдық шығын өтеуі керек. Сот үкімі заңды күшіне енбеді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты "алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобындағы бұзақылық" және "алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобында зорлық-зомбылық қолдану арқылы бопсалау" баптары бойынша қылмыстық іс қаралды.
2023 жылдың 1 наурызында "АДК-Ривер" сауда - ойын-сауық орталығында Т. және О. Кәмелетке толмағандар сөз байласып, бұзақылық ниетпен кәмелетке толмаған жәбірленуші Д.-ны соққыға жыққаны анықталды.
Еске салайық, оқиға Өскемендегі сауда орталығында болған. Видео дәретханада түсірілген, онда бір қыз екіншісін қатыгездікпен ұрады. Тағы бір қыз оқиғаның бәрін видеоға түсірген.
Өскемен полициясы камера алдында қатарласын шешінуге мәжбүрлеген бір топ жасөспірім қыздың видеосын тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Бұл материалдарды заңсыз тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы қылмыстық іс шеңберінде оған қатысы бар адамдар анықталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылады", - деген еді жергілікті полиция қызметі басқармасының Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әйгерім Бейсембаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!