- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-дағы шахтада төрт...
ШҚО-дағы шахтада төрт адам уланып, қайтыс болды
ШҚО-дағы шахтада төрт адам уланып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 31 тамызда сағат 17.30-да "Востокцветмет" ЖШС шахтасында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, белгісіз заттан уланып, 4 адам қайтыс болды.
Тағы бір адам ШҚО Глубокое ауданының аудандық ауруханасына жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқиға орнында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС ШҚФ (13 адам және 3 бірлік), ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Шахта KAZ Minerals-қа тиесілі. Компания қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.
"KAZ Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды. KAZ Minerals тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Компания марқұмдардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина