Самар ауданына жаңа әкім тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Самар ауданының әкімі лауазымына Серік Жеңісұлы Жеңісов тағайындалды.
Ол еңбек жолын 2005 жылы Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімінде бастаған.
Әр жылдары ШҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде, ШҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, "Шығыс ақпарат" ЖШС басқарма төрағасы, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, Астана қаласы "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ басқарушы директоры, Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
Бұл тағайындауға дейін Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы басшысы лауазымын атқарды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!