ШҚО-да зорланғанын айтып шағымданған әйелдің өзі сотталып кетті

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстық істер бойынша жеке адамға қатысты қабылданған процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексеру кезінде зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау фактісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Арнайы прокурорлар жүргізген тергеу барысында осы жылы ақпан айында Ш. есімді әйел өзінің танысы К-мен пәтерде мас күйде өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды, ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасаған.  

Соның салдарынан жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшыраған.  

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде "жәбірленуші" ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде (Ауыр қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған хабарлау) көзделген қылмысты жасағанын, өз кінәсін толық мойындады және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтініш білдірді.

"Өскеменнің №2 сотының үкімімен Ш. Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!