ШҚО-да заңсыз кәсіпкерлік қызметтің жолы кесілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көлеңкелі экономикаға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен ШҚО Экономикалық тергеу департаментімен, Риддер қаласында жалпы құны 350 млн теңге жалған есепке алу-бақылау маркалары бар 51 мыңнан астам шөлмек көлемінде суррогат алкоголі мен 348 мың қорап темекі өнімдерін сақтап таратқан жеке кәсіпкердің заңсыз әрекеті тоқтатылды.
Сапасы күмәнді контрафактілік өнімдерді сату және оларды тұтыну өте қауіпті, өйткені олар азаматтардың денсаулығына орны толмас зиян келтіруі мүмкін.
Риддер қалалық сотының 5 қыркүйектегі үкімімен жеке кәсіпкер кінәлі деп танылып, тәркіленген өнімдерді жою арқылы бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
15 қазанда облыс прокуратурасы, Экономикалық тергеу, экология департаменттері және сот орындаушылары өкілдерінен тұратын комиссия тәркіленген өнімдерді Өскемен қаласындағы полигонда жойды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз