ШҚО-да видео үшін әкімнің басы дауға қалды

ШҚО-да видео үшін әкімнің басы дауға қалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Зайсан ауданындағы ауыл әкімі көрінетін, бейәдеп сөздер қолданылған видеоны анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңір әкімдігі мәліметінше, осыған байланысты ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етілген.

"Әкімдік бұл материалдарды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі кеңесіне жолдады. Кеңесте қызметтік әдеп нормалары бұзылуы қаралады. Мұндай әрекеттерге жол берілмеуге тиіс. Облыс басшылығы былапыт сөз қолдануға, әдепсіз қылық танытуға түбегейлі қарсы", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, этикалық нормаларды бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатаң жаза қолданылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget