Шығыс Қазақстан облысындағы тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбек болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өскемен қаласындағы тергеу изоляторына бір аптаның ішінде бірқатар тыйым салынған заттарды әкелу әрекетінің жолы кесілді. Келушілер түрлі тәсілдермен тыйым салынған заттарды заңсыз алып өтпек болды.
Осылайша, тексеру бөлмесінде ШҚО ҚАЖД-ға қарасты №73 мекемесінің қызметкерлері смартфон мен 8 литр алкогольдік ішімдік тауып, тәркілеген. ⠀
Азық-түлік ыдысында гарнир (макарон) мен котлеттер салынған контейнерден төрт смартфон табылды. Тыйым салынған заттар алынып тасталды. Азық-түлік қабылдау бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, азық-түлік салатын ыдыстың салмақтылығы ерекше ауыр боп, қызығушылық пен күдік бірден туғызған.
Бұл кезде сотталушылардың бірінің әйелі газдалған сусынның пластик бөтелкелерінде жағымсыз исі бар сусынды заңсыз алып өтпек болған. Сусын тәркіленіп, сараптамаға жіберілді. Алдын ала мәлімет бойынша сусын ыдысына коньяк құйылған болып шықты.
Мекеме қызметкерлері тағы бір сәлемдемені тексеру барысында пакет шайдың түбінен смартфондар тауып алған. Барлық үш факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. ⠀
Тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!