ШҚО-да тұрғыннан ай сайын ақша бопсалаған ер адам ұсталды

ШҚО-да тұрғыннан ай сайын ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Фото: ІІМ

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ақша бопсалау дерегінің жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу мәліметі бойынша биыл қаңтарда күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, одан ай сайын 150 мың теңге талап ете бастаған. Ол қорқытып, психологиялық қысым көрсету арқылы өз талаптарын орындатқан.

Ер адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнгендіктен, қаскөйге 100 мың теңге берген. Алайда заңсыз әрекеттер тоқтамай, уақыт өткен соң күдікті қайта ақша талап еткен.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол облыс орталығының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерекке қатысты соталды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget