Қант алмақ болған ШҚО тұрғындары 30 миллион теңге шығынға батты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияға облыстың 19 тұрғыны жүгінген. Оларға әйел қант жеткізіп беруге уәде беріп, ақшаны алғаннан кейін хабарсыз кеткен.
"Жалпы шығын шамамен - 30 миллион теңге. Тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 31 жастағы әйелді ұстады", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Сот күдіктіге үй қамағы түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасын қабылдады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!