Шығыс Қазақстан облысында түнде жер сілкінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 маусымда Астана уақытымен 03.56-да жер сілкінісін тіркеген.
"Жер сілкінісінің координаттары: 47.15 с.е. 83.56 ш.б. Жер сілкінісі ошағы Қазахстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 683 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Қазақстан аумағында әсері сезілмеген.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!