- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да төтенше жағдай:...
ШҚО-да төтенше жағдай: ауыл тұрғындарына азық-түлік пен дәрі-дәрмек тікұшақпен жеткізілді
Толассыз жауған қарға байланысты Күршім ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаңтар айының 7-нен бастап Күршім ауданында қар мен боран тоқтамай тұр. Кей жерлерде қалыңдығы 1.8-2 метрге жетті. Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің елді мекендерінде көлік жүруден қалды.
Қардың шектен тыс көп жауып, көліктердің жүрмеуі ескеріліп, Күршім ауданының әкімдігі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
ШҚО көлік және автомобиль жолдары басқармасының деректеріне сәйкес, жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған.
Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.
Қолайлы ауа-райы жағдайлары белгіленген соң, 16-шы қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина