ШҚО-ның үш тұрғыны есірткі өсімдігін заңсыз өсіргені үшін 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жылдың тамыз айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысында есірткі заттарын егіп, өсірумен айналысқан 3 адамнан тұратын топты ұстады.
Олардың бірі - теміржолшы болып жұмыс істеген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде заңсыз айналымнан 42 келі марихуана тәркіленді.
Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Өскемен қаласының № 2 сотының үкімімен күдіктілер 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдеріне сотталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз