ШҚО-да қар көшкіні қайталанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самар тасжолының 100-шақырымында жауын-шашын мол жаууына және жел күшеюіне байланысты жалпы көлемі 750 м3 қар көшкіні түскен.
"Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ. Қар көшкіні жолды жауып тастады. Жол тазартылды. Қазір жол жүру қамтамасыз етілген", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін не болды?
Еске салайық, бұған дейін де ШҚО-да қар көшкіні жүрді.
"Қазселденқорғау" ММ мәліметінше, Ұлан ауданында облыстық маңызы бар Өскемен - Самара тасжолының 101-шақырымында жауын-шашын мол жаууына және жел күшеюіне байланысты жалпы көлемі 370 м3 қар көшкіні түскен.
ТЖМ тұрғындарға тауға барудан бас тартуды ұсынады. Көшкін қаупі бар ошақтар тасжолдарға қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда тоқтамаған жөн.
Айта кетейік, ұялы телефоннан шұғыл қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір - 112.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова