Шығыс Қазақстан облысы Тұғыл ауылдық округіндегі Зайсан көлінде қайық аударылуы салдарынан суға кеткен екі балықшыны іздестіру-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 қыркүйекте үш ер адам көлде қайықпен балық аулаған. Қатты жел салдарынан қайық аударылып кеткен. 1968 жылы туған балықшы өздігінен судан шыққан. 1968 және 1995 жылдары туған екі ер адам суға батып кеткен.
"Оларда құтқару кеудешелері болмаған. Ақпарат түскен сәттен бастап оқиға орнында ТЖМ жедел штабы құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Бүгін іздестіру жұмыстары барысында жергілікті тұрғындар 1968 жылы туған ер адамның сүйегін тапты. ТЖМ сүңгуірлері 1995 жылғы екінші адамның сүйегін жағадан 8,9 шақырым қашықтан анықтады", - деп жазылған хабарламада.
Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілген. ТЖМ сүңгуірлері 8 рет суға түскен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова