ШҚО-да сотталғандармен “Заңға қадам“ атты жұмыс кездесуі өтті

ШҚО-да сотталғандармен “Заңға қадам“ атты жұмыс кездесуі өтті
Фото: ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында "Заң мен Тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында сотталғандармен "Заңға қадам" атты жұмыс кездесуі өтті. 

ШҚО ҚАЖД мекемелерінде ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – қайталама қылмыстардың алдын алу, әлеуметтік-құқықтық мәселелерді талқылау және жазасын өтеп жатқан азаматтардың қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету. 

Кездесуге облыстық әкімдіктің қызметкерлері, прокуратура қызметкерлерімен қатар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау саласының мамандары қатысты. 

Талқылау барысында сотталғандардың басым бөлігінде босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасу, әлеуметтік бейімделу және құжаттарын реттеу мәселелері қиындық туындататыны анықталды. 

Осыған байланысты, шара бос жұмыс орындары жәрмеңкесі форматында өттіп, қатысушыларға қолжетімді вакансиялар ұсынылды. Сонымен қатар, кәсіптік оқыту мүмкіндіктері мен әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. 

ШҚО прокуратурасы мен облыс әкімдігі сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыра отырып, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға және қайталама қылмыстардың алдын алуға ықпал етуді көздейді.

ШҚО әкімдігі ұсынған материал

Massaget.kz
Logotype Massaget