- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да сотталған ер...
ШҚО-да сотталған ер адам ұзақ жыл сақтаған құпиясын айтты
ШҚО-да жазасын өтеуші ұзақ жыл бойы сақтап келген құпиясын айтып берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО ҚАЖД ОВ-156/6 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері Шемонаиха ПБ және Первомай кентінің полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, қараусыз қалған ғимаратта жасырылған қаруды тәркілеу бойынша іс-шара өткізген. Бұл қару туралы қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Ю. есімді ер адам айтқан.
"Бұрын бостандықта жүргенде, досымды кездестірдім, екеуміз бір бөтелке сыра сатып алып, бұзылған ғимаратқа бардық. Оның қолында матаға оралған зат болды, мен одан "бұл не" деп сұрадым. Ол маған "бұл мылтық" деп жауап берді және оны қажет болған кезде алып кету үшін жасыруға келгенін айтты. Ол қараусыз қалған ғимаратта мылтықты жасырып, тастар мен қабырға қоқыстарын лақтырып, бетін үйінді топырақ тастап, тастармен жауып кетті. Содан кейін үйімізге қайттық, алты айдан кейін жазда мені тергеу изоляторында жаңа қылмыстық іс бойынша қамауға алды. Сол уақыттан бері ол танысымды көрмедім. Балалар мен жасөспірімдердің біз жасырып кеткен қаруды тауып алғанын қаламаймын", - дейді сотталушы.
ШҚО бойынша ПД Шемонаиха ауданы ІІБ Первомай кентінің полиция бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеру амалдарын бастаған. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген қару тегіс ұңғылы аңшы мылтығы екені анықталған әрі атуға жарамды болып шыққан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова