- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да шенеуніктер миллиардты...
ШҚО-да шенеуніктер миллиардты иемдену үшін жөндеуді қажет етпейтін жолдарды жөндемек болған
Жуықта Бас прокурор Берік Асыловтың қатысуымен автокөлік жолдарындағы тексеріс жұмысы қорытындыланды. Соның нәтижесінде тапсырыс берушілердің орындалмаған жұмыс үшін төлем жасауы, құрылыс нормаларын сақтамау, сметалық бағаны өсіріп жіберу және тағы басқа жағдайлар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы ретте, Шығыс Қазақстан тұрғындары жиі қатынайтын "Қалбатау-Майқапшағай" және "Қарағанды-Балқаш" жолын салу барысында қазір ақша жымқыру, жұмысты орындамау фактілері зерттеліп жатыр.
"Тек Қалбатау-Майқапшағай бағытындағы жолды алсақ, "СП КазГерСтрой" ЖШС 21,4 миллиард теңге көлеміндегі аванстың қомақты бөлігін мүлде басқа мақсатта пайдаланған. Яғни жұмысқа еш қатысы жоқ әрекеттер, оның ішінде несие төлегені де бар. Капиталды шығару үшін мердігер күдік туғызар тәсілдерге барған. Қылмыстық істен тыс прокурорлар актісіне сәйкес бюджет шығынын болдырмау үшін 35 миллиард теңгеге жуық қаржы мемлекетке қайтарылды. Әкімшілік және тәртіптік жағынан 600-ден астам адам жазаланды", – делінген прокуратура ұсынған мәліметте.
Одан бөлек, Шығыс Қазақстан мен Ақмола аймақтарында жергілікті биліктің сапасын жақсартуды қажет етпейтін облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеуге бір миллиард теңгеге жуық қаржы бөлдірмек болғандары анықталды.
Асыл Бигелді
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы