ШҚО-да сапбордпен жүрген қызды жел жағадан алыстатып әкетті

ШҚО-да сапбордпен жүрген қызды жел жағадан алыстатып әкетті
Фото: Видео кадры

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында құтқарушылар сапбордпен серуендеп жүрген қызға көмек көрсетті. Ол өздігінен жағаға қайта алмай қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Шалқар көлінде болған. 2003 жылы туған қыз сапбордпен суға шыққан кезде жел кенет күшейіп, оны жағадан едәуір қашыққа алып кеткен.

Қыз өз күшімен құрлыққа жете алмаған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оған қауіпсіз түрде жағаға оралуға көмектесті.

Зардап шеккен бойжеткенге медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖМ суға шығар алдында ауа райы мен болжамды ескеруге, сондай-ақ құтқарушылардың ескертуіне құлақ асуға шақырады. Қолайсыз ауа райы туралы ескерту жарияланған жағдайда суға шығудан және басқа да қауіпті әрекеттерден бас тартқан жөн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget