Әлеуметтік желіде жұмысшы көпірден су қоймасына құлап, қаза болғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға дерегін Күршім ауданының әкімдігі растады. Әкімдік мәліметінше, оқиға Шығыс Қазақстан облысы Бұқтырма су қоймасы арқылы салынып жатқан көпірде болған.
Жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз