Өскеменде ежелгі сақтардың Қазақстандағы алғашқы жауынгер-музыкант бейнесі қалпына келтірілді. Қорғандардың бірін қазу кезінде ескі домбыра табылды. Құрал қазіргіге қарағанда әлдеқайда кішкентай. Осы және өзге де бірегей қазбалар туралы Ирина Якунина айтып береді, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, жаңа қорғандар бір ай бұрын ғана табылған. Жерлеу орнын бірінші белгісіз біреулер қазып кеткен. Ол талан-таражға түскен, бірақ ежелгі сақтардың патша адамдарды жерлеу кезінде жасаған қазынасы туралы ешкім білмеген. Оларды Зейнолла Самашевтың командасы ашты. Бұл - ат әбзелдерін безендірген алтын әшекей бұйымдар.
"Бұл ең ертедегі сақтар. Шығыс Қазақстан облысындағы сақтардың мәдениеті өте жарқын және кеңінен көрініс тапқан. Ал біз ежелгі сақ мәдени кешені, дәлірек айтсақ, ол қазіргі Шығыс Қазақстан аумағында қалыптасуы мүмкін деген мәселені көтеріп отырмыз", - деді тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашев.
Бірақ жауынгер-музыкант ерекше назар аударуға лайық. Ғалымдар дәл көшірме жасауға тырысқан. Қалқаны бар дулыға, оюлы шапан және қарумен бірге домбыра болған. Оның бойы небәрі 67 сантиметр. Бұл қазба жұмыстарының бүкіл тарихында музыкалық жәдігердің алғаш табылуы. Самашевтың айтуынша, тағы 3 музыкалық аспап табылған. Олардың заманауи көшірмесін жасау жоспарда бар.
"Осындай үш музыкалық аспаптың шығу тегі ерекше қызығушылық тудырады. Біз облыс басшылығына осы аспаптар негізінде оркестр құруды ұсындық. Бұл бір жағынан реставрация және қайта құру болса, екінші жағынан насихат", - деді Самашев.
Самашевтың айтуынша, қазір облыс шеберлері табылған жәдігерлердің дәл көшірмесін жасап жатыр. Жақын арада ата-бабаларымыздың көне домбыра, қобыз және басқа да аспаптары қалай сыңғырлағанын естуге болады.