- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да полиция қызметкері...
ШҚО-да полиция қызметкері ер адамның бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген - видео
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері ер адамның бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
4 маусымда сағат 19:28 шамасында Риддерде патрульдік полиция взводының қызметкерлері Mazda 626 автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі жол жүру ережесін бұзған.
Бұл көлікті тоқтатқанда салоннан мас жолаушы шыққан. Ер адам агрессия көрсетіп, әдепсіз сөйлеп, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне қарсы келіп, мойынсұнбаған, тәртіп сақшыларының заңды талаптарды сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбай және автокөлігіне отыруды сұраған ескертулерін елемеген, кейін оның одан әрі заңсыз әрекеттерін тоқтату үшін полиция қызметкерлері арнайы құрал қолданған.
Бұл дерек бойынша жолаушыға қатысты құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіліне немесе оның талабына бағынбағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, автокөлік жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Риддердің прокуратурасына ұсынылған портатив видеотіркегіштегі материалдар зерделеніп, олардың нәтижелері бойынша полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттер анықталмады. Қазір заңды тұлғаның талабына бағынбаған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек