- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да өрттің негізгі...
ШҚО-да өрттің негізгі бөлігі оқшауланды - ТЖД
Шығыс Қазақстан облысындағы өрттің негізгі бөлігі оқшауланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер түні бойы өртті ауыздықтады. Бір тәулік ішінде төтенше жағдайлар бөлімі 57-ден аса оқиға орнына барды. Сонымен қатар, өрт сөндіруге 120-дан аса техника мен 700-ге жуық адам жұмылдырылды. Олардың арасында Төтенше жағдайлар департаменті, әкімдік, орман мекемелері, Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігі қызметкерлері, сондай-ақ, Ми-8 тікұшағы бар.
"Зайсан, Глубоковский, Ұлан аудандарында, соның ішінде Алтай мен Өскеменде, келісілген іс-қимылдардың нәтижесінде өртті оқшаулау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Ұлан ауданында, Герасимовка ауылында және Каменский ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, сондай-ақ, Алтай өңірінде Серебрянск және Өскемен қалаларында Машиностроителей көшесінің бойында (Согра ауданы) өрт сөндірілді", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.
Өңірдегі өрттердің алдын ала ауданы екі мың гектардан асты. ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа райынан, сондай-ақ, өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек