ШҚО-да өрттен әйел мен екі бала қаза тапты

ШҚО-да өрттен әйел мен екі бала қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында үй өртенді. Салдарынан үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен. Құтқарушылар келген кезде үй отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.

"Өрт сөндіру барысында әйел адамның және кәмелетке толмаған екі баланың сүйегі табылды", - деп жазылған хабарламада.

Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілген.

Еске салайық, бұған дейін Өскеменде студенттер жатақханасында өрт шыққаны хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget