Шығыс Қазақстанда оқушы қыздан тізерлетіп кешірім сұратып, соққыға жығып, 10 мың теңге "қойып тастауын" талап еткен қыздардың видеосы тарады. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеода оқиға орнында бірнеше қыз барын байқауға болады.
"Сен үшін тұрып беретін біреу бар ма? 5 мың емес, 10 мың теңге қойып тастасын. Осы үшін мен қаладан келдім. Мына қыздарға бір нәрсе болса, қайда болсаң да тауып аламын", – дейді видеода тізерлеп кешірім сұрап тұрған қызды жұдырықпен ұрып жіберген қыз.
Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектормен анықталған.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді.
"Жасөспірімдер мектепішілік есепке қойылып, әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияда қаралды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!