Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік орман қоры аумағында 21 өрт тіркелді. Оның 17-сі найзағай түсуінен болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жалпы өрт шарпыған аумақ шамамен 200 гектар болды, келтірілген залал 1 миллион теңгеден асты. Облыста аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде сақталып отыр", - деп мәлімдеді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт қаупінің деңгейі 5 санатқа бөлінеді:
1-санат — өрт қаупі жоқ;
2-санат — аздаған қауіп;
3-санат — орташа қауіп;
4-санат — жоғары қауіп;
5-санат — төтенше қауіп.
Кейінгі күндері Шығыс Қазақстан облысының әртүрлі аудандарында өрт қаупінің келесі деңгейлері тіркелген:
3-санат — Алтай ауданы, Риддер қаласы, Марқакөл ауданы;
4-санат — Өскемен қаласы, Үлкен Нарын ауданы, Күршім ауданы;
5-санат — Катонқарағай, Самар және Зайсан аудандары.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!