- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- ШҚО-да мыс өндіру...
ШҚО-да мыс өндіру кенішін жою заңсыз деп танылды
ШҚО-да мыс өндіру кенішін жою заңсыз деп танылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы бұған дейін жүргізген тексеру барысында бұрынғы Юбилейно-Снегирихинское кен орнының шахта суларының өздігінен ағуы нәтижесінде Малая Карагужиха өзенінің металдармен ластануы және Глубокое ауданындағы Снегириха тауының опырылған.
"Востокцветмет" ЖШС кенішті жою технологиясын бұзуы салдарынан ауданы 15 000 шаршы метрден асатын тау жыныстары опырылған. ШҚО экология Департаментінің су сынамаларын зерттеулеріне сәйкес, суда құрамында ауыр металдардың (мырыш, кадмий, темір, марганец және т.б.) ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының нормативтері 83 мың есе асқан.
Анықталғандай, кенішті жою кезінде кәсіпорын жеке рекультивация жұмыстарын жүргізбеген, кеніш аумағы бастапқы қалпына келтірілмеген. Осыған қарамастан, уәкілетті мемлекеттік органдардан тұратын комиссия кен орнын жоюды қабылдау актісіне қол қойған.
ШҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кенішті жою бойынша қабылдау актісінің күшін жою туралы сотқа талап арыз берді, ол қанағаттандырылып, жоюды қабылдау жөніндегі комиссия актісі заңсыз деп танылып, күші жойылды. Апелляциялық орган сот актісін күшінде қалдырды. Қазіргі уақытта прокуратура "Востокцветмет" ЖШС-ін заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту, сондай-ақ кеніштің тиісті жойылуын қамтамасыз ету және қоршаған ортаның ластану себептерін жою бойынша шаралар қабылдап жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина