ШҚО-да мектептің екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ж.Жабаев атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернат гимназиясының екі бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы қылмыстық топ құрамында 5 жыл бойы өзінің карточкалық шоттарына асыра жалақыны және басқа да төлемдерді аудару жолымен 120 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінді.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмеді.

Ведомство Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептелетінін ескертті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!