Шығыс Қазақстан облысында май тиелген жүк көлігі аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
21 қаңтарда шамамен сағат 14:50-де Өскемен-Семей тасжолының 25-шақырымында DAF XF маркалы жүк көлігі жол апатына ұшыраған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес жүргізуші қолайсыз ауа райында тізгінді игере алмай, салдарынан көлік жол жиегіне аударылып кеткен", - деді өңір полициясы.
Оқиға орнына жедел түрде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері барған.
Сондай-ақ, оқиғаның салдарын жоюға еріктілер тартылған, олар тасымалданған жүктің бір бөлігін түсіруге қолғабыс еткен.
22 қаңтарда жүк көлігі арнайы техниканың көмегімен эвакуацияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова